Mazir
25 окт 15:31korilim:853 Madeniet / Жаңалықтар

Министрліктің реакциясы: Беғазы-Дәндібай ескерткішінің орынына депутаттарға коттедж салынбақ


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Беғазы-Дәндібай мәдени-тарихи ескерткішінің территориясындағы депутаттарға арналған коттедждер құрылысына қатысты пікір білдірді. 

Министрлік аталған мәселені Ақмола облысының басшылығымен аса мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді. 
Министрлік бұл территорияда тарихи-мәдени нысандардың бар-жоғына көз жеткізу үшін археологиялық жұмыстар жүргізіп, соның қорытындысына сәйкес шара қолданатынын алға тартып отыр. 

Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени нысандарды қорғау және қолдану туралы заңның орындалуын жергілікті билік қадағалайтынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының жетекшісі Серік Искаков тексеру қорытындысында аталған орында тарихи құндылықтар табылса, құрылыс тоқтайтынын мәлімдеген. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: