Mazir
24 окт 18:22korilim:274 Madeniet / kitaphana alemi

Министр кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін еліміздегі 19 мың кітапханашы тұңғыш рет кәсіби мерекені атап өтуде. Бұл мерекелік дата кітапханалардың жұмысын жандандырып, сала мамандарының беделін арттыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен бекітілді. 

Салтанатты іс-шара аясында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кітапханашыларға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.


«Мен еліміздегі 70 миллион дана кітап қорына қамқорлық танытып жүрген барша кітапханашыларды  кәсіби мерекемен құттықтаймын. Менің ойымша, кіптапхана ісінің қажеттілігіне және кітапхана ісінің күрделілігіне ешкім күмән келтірмейді.   Дегенмен қоғам арасында «кітапханалардың ғасыры аяқталды, олардың қызметі қағаз тасығыштар дәуіріндегі атавизм ретінде ескіреді, интернет пен цифрлық трансформация арқасында қоғамдық кітапхананың орнын бір ғана смартфон баса алады» деген сынды теріс пікірлер бар. Мен мұндай пікірмен түбегейлі келіспеймін. Жалпы, технологияға көзсіз табыну мен цифрға деген соқыр сенім біздің ұрпақтың санасын құндылықтарға терең бойлауға мүмкіндік бермей, адастырады деп санаймын», – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі заманғы көпшілік кітапхананың функционалдығы кітаптарды сақтау, жүйелеу, цифрландыру және оқырмандарға ұсыну шеңберінен әлдеқайда көп бағытты қамтиды. Бұл ретте МСМ кітапханалар жұмысының жаңа қағидаттары мен стандарттарын кезең-кезеңімен енгізумен айналысуға дайын.


«Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біз күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын. Сондықтан біз кітапхана ісін қолдайтын боламыз. Бұл біздің берік ұстанымымыз», – деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, елімізде 11 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Оның 7 мыңнан астамы білім беру жүйесіне қарасты, 3 мыңнан астамы мәдениет және спорт саласына қарасты.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін - Президент19:05Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді12:28Сайлау: Шетелде жүрген қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді12:09Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден үш адамның денесі табылды14:27Сенат спикері ұлттық қор қаражатына қатысты алаңдаушылық білдірді14:24Министр спортшы Шавкат Рахмновпен кездесті22:18Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды – Юрий Ильин15:20Көрісу күні13:11Серік Күдебаев ауруханаға түсті13:12Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті12:28Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды11:12Банкроттыққа өтінім қабылдау басталады10:47Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?12:34Алматы - Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі09:29Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады15:14