Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Әуежай басшылығына жергілікті әкімшілік пен Парламент депутаттарының ұсынысы осыдан 5 жыл бұрын берілген-ді. Орайы келген істің мезгілінде айып жоқ. Ел қуанды, халық разы болды.
Ұлы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында әйгілі ұшқыш, Халық батыры Хиуаз Доспанованың аты Атырау халықаралық әуежайына берілді.
«Алты министрліктің келісімін алдық. Қазақтың батыр қызы, Ұлы Отан соғысының қаһарманы, әйгілі ұшқыш Хиуаз Доспанованың атын әуежайға беруге республикалық комиссия шешім қабылдады», - деді облыстық тілдерді жетілдіру басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.
Хиуаз Доспанова 1922 жылы туып, 2008 жылы дүниеден өтті. 1940 жылы Оралдағы №1 мектепті алтын медальмен тәмәмдайды. Аттестатпен қатар жергілікті әуе клубының ұшқыш куәлігін де алған.
Ол майдан даласында 588-ші түнгі әуе полкында болды. Екі рет ауыр жараланғанына қарамастан, жеңісті Берлин төрінде қарсы алған.
«Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» І және ІІ дәрежелі орденімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Германиядағы жеңіс үшін» медальдарының иегері.
2004 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Хиуаз Доспанова «Халық батыры» атағын және алтын жұлдыз белгісін, «Отан» орденін алды.
Оның аты Air Astana әуе компаниясының Embraer 190 лайнеріне берілген.
Қазақтың батыр қызының атын әуежайға беру туралы шешім 5 жыл бұрын шыққан. Ресми жариялау 2019 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Бірақ 2019 жылдың қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры әуежайды Атырау әкімшілігінің құзырына өткізді. Осы себепті атаулы жағдай кейінге қалдырылған-ды.
Басу