Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Ақтөбе қаласының тұрғыны Ресейден автобустармен студенттерді үсті-үстіне әкеліп жатқанын, ауруханада орын жоқ екенін айтып, мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратқан. 56 жастағы қала тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 106 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеліпті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаменті хабарлады.
«Әлеуметтік желі мониторингін жүргізу барысында полиция қызметкерлері 56 жастағы ақтөбелік азаматшаның жалған ақпарат таратқанын анықтады. Ол – қоғамдық көліктерді тасымалдау қызметін атқаратын компанияның қызметкері екен», - деді полиция өкілдері.
Азаматша аудиохабарламада Ресейден 500 студент келгенін, тағы келетінін, осылайша ауруханада орын қалмай бара жатқанын айтқан. Сондай-ақ, науқастар саны статистикадағыдан әлдеқайда көп екендігін жеткізіпті.
Полиция қызметкерлері аталған ақпараттың барлығы жалған екенін айтады.
24-сәуір күні азаматшаның үстінен әкімшілік іс қозғалып, 478-бап бойынша хаттама толтырылған.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында ресми түрде 55 науқас тіркелген. Қажетті ем-дом шаралары жүргізілуде.
Басу