Mazir
16 июл 17:34korilim:1 236 Onir tynysy

Қостанайда жаңа білім орталығы ашылды

ҚОСТАНАЙ. BAIRAQ.KZ - «Nur Otan» партиясының  «Қазақстан кітапханалары – зама­науи білім орталықтары» партиялық жобасы аясында уақыт талабымен үндескен білім орталығы ашылды bairaq тілшісі Қостанай таңы газетіне сілтеме жасап.  ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Ирина Аронованың Қарабалық ауданына жұмыс сапары аясында жаңа орталықтың "тұсауы кесілді".    
— Бастысы – жастардың жаңаша білім алып, оны дұрыс пайдалана білуінде. Технологиялардың келешегі зор. Сондықтан инновациялық білім алуға мүмкіндік жасау – мемлекет саясатының маңызды бағыттардың бірі. «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жоба­сының шеңберінде қазір елімізде кітап­ханалар осындай уақыт талабына сай білім орталықтарына айналып, тиісінше жабдықталып, электронды үлгіге көшірілуде,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова.      
Мұнда түрлі әде­биеттермен, оқу құралдарымен қатар, кез келген ақпаратты онлайн-режимде алуға мүмкіндік жасалған. Орталық интернет желісімен, цифрлы технологиялармен, қажетті жиһаздармен толықтай қамтамасыз етілген. Келу­шілер үшін мұнда қажетті ақпарат алып қана қоймай, өзара ой-пікір, тәжірибе алмасуға, шығармашылық еңбекпен айналысуға да мүмкіндік зор.     
— Кітапхана жүйесі қайта жаңғыртылуда. Классикалық бағыт бойынша кітап бұрынғыдай беріледі. Қазір бұл бағыттар басқаша өңге енуде. Яғни, халықпен жұмыс істеуге басымдық беріледі. Тіпті, оқырманның өзі өзгеріп, білімді адамдар саны арта түседі. Осындай коворкинг-орталықтардың кітапханада ашылып, түрлі қызметті жаңа жүйеде ұсыну цифрландыруды іске асыруға бағытталған кезекті қадам деп біліуміз керек деді, — кітапхана қызметкері Үміт Ғалеева.
Бұл орталық кітаптың, түрлі әдебиеттердің де қадірін арттырып, көпшіліктің өз уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізері сөзсіз. Айта кету керек, бұл – өңірдегі осымен алтыншы орталық. Аудан тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ, бірқатар қызмет түрін де ала алады.    Әсел ҚИБАШ



Басу
purchase besivance online cheap - carbocysteine cheap buy sildamax sale

order neurontin 800mg for sale - nurofen pills buy generic sulfasalazine 500mg

brand colospa 135 mg - colospa order pletal 100mg over the counter

rumalaya over the counter - generic shallaki buy cheap generic endep

order generic amoxicillin - buy combivent generic ipratropium over the counter

buy zovirax without prescription - zyloprim 300mg tablet order crestor 10mg generic

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: