Mazir
22 июл 13:44korilim:2 032 Onir tynysy

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілікті

НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ – Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңірлік Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, «Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигінің пара алғанын анықтады», - делінген хабарламада. Ол жекеменшік компания директорынан мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою үшін 1 200 АҚШ доллары мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: