Mazir
11 сен 10:45korilim:944 Onir tynysy

Әкім орынбасарын ұстауға елордадан арнайы топ жіберілген


Кешеден бері Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров пара алды деген күдікпен ұсталды деген ақпарат тарауда. Бұл туралы ақпарат, аң алдымен, «Ақ Жайық» интернет басылымында жарияланды. 
Дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, әкімнің орынбасары мен басқарма басшысын елордадан арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлер тобы ұстапты. Пара көлемі 182 миллион теңге екен. 
Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Мұнайлы өлкенің миллиондарын қалтаға басты деген күдікпен ұсталды деп хабарланған Таубаевқа қатысты да жұмыс орыны пікір білдірмеді.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: