Mazir
27 авг 19:40korilim:1 169 Onir tynysy

А. Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарының құрылысы барысымен танысты

Hұр-Сұлтан. Қала әкімі Алтай Көлгінов "Пригородный" елді-мекенінің әлеуметтік нысандарын аралады деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  №24 мектепте оқу жылы қарсаңында 600 орынмен қамтитын жаңа корпус ашылады. Корпус үш ауысымды білім беру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Ескі ғимараттағы асхана мен спорт залға жартылай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі атап өткендей, салынған корпустар жаңа мектептерге тең. Бұдан басқа, жыл соңына дейін "Пригородный"-да көпфункционалды спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істей бастайды. Орталықта жаттығу залы жабдықталған, сондай-ақ күрес, бокс және теннис залдары болады. Спорт кешенінде жарыстар өткізуге болады. Кешен 300 орынға арналған. Сондай-ақ кешенде байланыс орталығы қарастырылған, оған пошта бөлімшесі, үлкен кісілерге арналған шағын орталық, отбасылық денсаулық орталығы, полиция пункті және аула клубы кіреді. Ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынды ("Қазаэронавигация"РМК). Спорт кешенін инженерлік желілерге қосу және аумақты абаттандыру қажет. Қала әкімі спорт кешені жолдарының және кіреберісінің құрылысын аяқтауды тапсырды. "Пригородный" елді-мекенінде 10 мыңнан астам адам тұрады. Қалада барлығы 280 мың халқы бар 16 елді-мекені (қала халқының 25% ) бар.

 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53Қазақстанда әр отбасының цифрлық картасы құрылады15:46