Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Қазақстанда 276 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
«Су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елді мекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді, оны іске асыруға республикалық (131,6 миллиард) және жергілікті бюджеттерден (28,6 миллиард) 160 миллиардтан астам теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді министр.
Ведомство өкілінің сөзінше, өткен бес жылда автомобиль жолдарында, 34 автомобиль көпірінде жеті жүзге жуық рет су тасыды, теміржолдардың 7 учаскесінде су жайылды.
«Бұл ретте, бүгінде республика бойынша судың жайылуына бейім 482 автомобиль жолының учаскесі және алты жүзден астам теміржол учаскесі (673) бар. Бүгін су тасқыны кезеңіне толық дайындық туралы айтуға әлі ерте. Күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, сондай-ақ мол жауын-шашын жағдайында елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін», - деді министр үкімет отырысында.