Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

You Tube желісінде белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелдің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында елдің жағдайы сөз болды.
Ақшаны балаға келгенде аянып қалып, керек емес дүниелерге шашып жібереміз дедіңіз. Үш мысал айтыңызшы?
Мысалы, ЭКСПО-ны айтайық. Өзім барып көрдім, оған ешкім ешқандай технология әкелген жоқ. Оның орнына көптеген үйлер салуға болар еді. Екіншіден, жиындар көп өтеді. Тоқаев билік басына келгеннен бері жиындарды азайту керек деді. Қазақ айтады ғой, өспейтін ел мәжілісшіл келеді. Сыртқы даңғаза мен мақтаннан гөрі елдің қамына көбірек ақша жұмсау керек. Ал елді өсіретін ана капиталы мен бала капиталы. Бізде мемлекетшілдік, патриотизм неге азайып кетті? Өйткені жұрт көріп отыр, мемлекет оларға басын ауыртпайды», - деді филология ғылымдарының кандидаты.
Мұқтаждарға көмектесе берсе, арты масылдыққа апарады дегенге қосыласыз ба?
«Жоқ. Он баласы бар адамға көмектессеңіз, он баланың ішінен бір батыр, бір министр және президент шығады. Ол жерде басқа мәселе, біз оны шатастырмауымыз керек. Бойында күш-қуаты бар жұмыс істемейтін адамға көмектессеңіз масыл болады. Мемлекеттен оң қабақ көрмеген, қиындықта өскен баланың еліне қалай жаны ашиды», - деді Омар Жәлел.
Біздің ел кедей ме?
«Кедей. Конфуций айтпақшы, «халқың кедей болса, сенің бай болып жүргенің ұят». Яғни, байлар халқының кедей болмауына ат салысуы керек. Өйткені байлық Алладан», - деді абайтанушы.
Фото: Жетісу телеарнасының кадры
Дереккөз: Nartay Aralbayuli
Басу