Mazir
22 июн 14:20korilim:571 Onir tynysy

Жоғалған жетеу: Құтқарушылар соңғы мәйітті тапты (видео)


Ағымдағы жылдың мамыр айында Түркістан облысындағы тауда жоғалып кеткен жеті туристің соңғысының денесі табылды.
«22 маусым күні сағат 11:50 шамасында Шымкент қалалық ТЖД жедел құтқару отрядының құтқарушылары Айғыржыққан және Үгем өзендерінің қосылар тұсынан мәйітті тапқан», - деді ҚР ТЖМ өкілі Талғат Уәли. 
Оның айтуынша, белгіленген орынға «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жіберілген. 
«Мәйіт сараптама жұмыстарын жүргізу мақсатында полиция қызметкерлеріне беріледі. Іздеу жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 қызметкер, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинолог және бір тікұшақ қатысты», - деп түйді сөзін ҚР ТЖМ ресми өкілі. 
Еске сала кетейік, 21 мамыр күні жеті турист Түркістан облысындағы Сары-Айғыр шатқалына кеткен. Олар 24 мамыр күні қайта оралуы тиіс еді. Туристердің жоғалғаны туралы ақпарат 25 мамыр күні жарияланды. 

28 мамыр күні «Қазавиақұтқару» тікұшағы арқылы әуеден шолу барысында жеті туристің үшеуі табылып, құтқарылған. 29 мамыр күні екі туристің мәйіті табылса, құтқарушылар 13 маусым күні тағы бір мәйітті тапқан. Бүгін ең соңғы мәйіт табылып отыр. Туристер ауа-райы бұзылғаннан кейін екі топқа бөлініп кеткен.
Басу
purchase lasuna without prescription - cheap lasuna generic how to buy himcolin

order generic mebeverine 135 mg - mebeverine 135 mg usa cilostazol 100 mg canada

where can i buy amoxicillin - amoxicillin where to buy purchase ipratropium pill

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: