Mazir
27 дек 15:44korilim:1 521 Onir tynysy

6 жыл ішінде Қызыл ту ауылы маңында екінші ұшақ апаты орын алды

                                              SCAT ұшағының апатқа ұшырауы

2013 жылы Көкшетау қаласынан Алматыға ұшатын SCAT авиакомпаниясы ауыл маңында апатқа ұшырады. Апат кезінде бортта 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында екі жасар бала да болды. Ешкім аман қалмады.


Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министр арнайы үкіметтік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Ол апаттың себептерін зерттеумен айналысып жатқан. Содан кейін комиссияны Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқарды. Оның құрамына Төтенше жағдайлар министрі, Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы, Бас прокуратураның  және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

                                      Bek Air ұшағы апатқа ұшырады

27 желтоқсанда, сағат 07: 22-де Back-Air авиакомпаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы № Z2100 рейсі ұшу кезінде биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып өтті. Екі қабатты ғимаратпен соқтығысу орын алған.
Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 12 адам қаза тапқан. Алматының түрлі медициналық мекемелерінде 49 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 18-нің жағдайы ауыр. Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істейді.




Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: