Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Атырау облысының Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиевтің халыққа қорытынды есеп беру жиынында ауыл белсендісінің мінбеге көтеріліп, ауыр сөздер айтқаны видеоға түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желідегі «трендті» тақырыптардың көшін бастап тұр.
Сағатбай Қапизов есімді Нарынның тұрғыны әкім назарына бірқатар мәселелерді айта келіп, мемлекеттік тілді білмегені үшін сөгіп тастады.
«Біз қамысты өртеуіміз керек. Одан кейін көк құрақ шығады. Балапан, жан-жануар аман қалады. Мен саған айттым, бірақ түсінбедің. Сенің мәңгүрт екеніңді осыдан білдім... Себебі мынадай жерде жылқы ұстауға болмайды. Экология бүлініп жатыр. Маусымдық шөпті жеп қояды. Бір кемпір екі бұзаулы сиырын асырай алмай отыр. Каналға су айдағанның мәні жоқ. Жылқыны тау жаққа айдау керек. Экологияны «катастрофаға» ұшыратамыз. Ертең ауру осы қамыстан шығады. Осыны айтсам, түсінбейсіңдер. Ноғаев кетті, құлақтан теуіп. Сен келгенде айттым: Алаштың азаматының бөтендігі жоқ, қош келдің елге. Дұрыс жұмыс жаса. Бірақ сен қазақша білмейсің, мәңгүртсің», - деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бір легі мінбеде сөйлеген белсендіні жақтаса, екінші бір топ басшыға қарата бұлай сөйлеу әдепсіздік деп таныды.
Әзірге аталмыш жайтқа қатысты құзырлы орган немесе жергілікті әкімшілік тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.