Mazir
18 май 14:56korilim:1 808 Sayasat

Сауда, ойын-сауық орталықтары ашылатын болды


Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жабылған сауда, ойын-сауық орталықтары қайта ашылатын болды. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан сән салондары, химиялық тазалау орталықтары және мейрамханалар ашылады. Ал аталған нысандардағы фуд-корттар екінші кезеңде, ал СПа, фитнес орталықтары үшінші кезеңде ашылмақ. 
«25-мамырдан бастап 3 100 қоғамдық тамақтану орыны іске қосылады. Жалпы 27 мың адам қайта жұмыс істей бастайды. Үстелдер арасы екі метр шамасында болуы тиіс. Үстел басына бір отбасы мүшелері немесе төрт адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл нысандарға 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді», - делінген мәлімдемеде. 
Бұл кезеңде мейрамханаларда банкеттер мен той-томалақ өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл кезеңде караоке, бильярд орталықтарына жұмыс істеуге тыйым салынған.
Басу
order diclofenac 100mg online - order aspirin for sale buy aspirin 75 mg without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: