Mazir
30 май 09:50korilim:4 451 Sayasat

Тоқаев Алаш арыстары туралы жаңа бастаманы қолға алды


ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 31-мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялап, халықтың көңілінен шығатын бастаманы қолға алуды тапсырды. 
«Құрметті отандастар!
ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды.
1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.
Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 
100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды.  
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар.  
Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері («АЛЖИР») сол жылдардағы қатыгездік пен жауыздықтың қара таңбасындай болды. Мұнда саяси тұтқындардың жақын туыстары, әйелдері мен балалары қамалды.  
Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты.     
Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.
Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық.  
Бүгінде республика өңірлерінде «Қазақ халқына – мың алғыс» монументтері орнатылған. Бұл – қазақ жұртының ақ пейілі мен даналығына деген шексіз ризашылықтың белгісі. 
Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым.
Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады.  
Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету –   баршамыздың перзенттік борышымыз», - деді Тоқаев. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиын өткізді17:20Ереван: Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді15:40ҚР ДСМ: Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі14:42Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды12:41Цой: Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң әзірленеді11:46Ержан Біржанов еңбек вице-министрі болып тағайындалды10:40Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін берілетіні белгілі болды09:56ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады09:44Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады09:00Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады08:29Түркістандағы қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды16:35Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды14:31Түркістан: Төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды12:34Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды10:20Түркістанда бес адам иіс тиіп көз жұмды21:58