Mazir
29 сен 16:29korilim:1 146 Sayasat / Onir tynysy

Елордалықтарға қатаң карантин туралы құлаққағыс жасалды


Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева елордалықтарды шектеу талаптары дұрыс орындалмаған жағдайда қатаң карантин күтіп тұрғанын жеткізді. 
«Біз маска тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау сияқты қарапайым сақтық талаптарын орындауға қанша шақырсақ та, бұл талаптар орындалмай келеді. Егер бұл жағдай әрі қарай жалғаса берсе, талаптар мен кеңестер орындалмаса коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан күрт өсуі ықтимал. Біз қайтадан қатаң шектеу шараларын қолдануға және бірқатар нысандардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз», - деді ол. 
Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанның бас қаласында 14 084 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: