Mazir
25 май 21:45korilim:1 553 Onir tynysy

Нақты жауап: Алматыда карантин қашан тоқтайды?


Қала әкімшілігінде карантиннің қашан аяқталатыны туралы нақты жауап айтылды. Осы уақыт аралығында қала тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралмақ. 
Алматы қаласының әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов шаһардағы шектеу шаралары қашан тоқтайтыны туралы сан түрлі сауалға жауап берді. 
«Карантин жағдайды тұрақты түрде бақылауға ала алған кезімізде тоқтатылады. Менің ойымша, карантинді тоқтатуға біз төрт түрлі жағдайда қол жеткізе аламыз. Біріншісі – коронавирусты жеңу. Бұл – соңғы науқас ауруханадан жазылып шыққан уақыт. Екіншісі – коронавирустың адаммен бірге өлуі, өкінішке орай. Үшіншісі – адам өлімі аз болуы. Төртіншісі – вакцинаның жасалуы. Біз әрдайым барлық карантин талаптарын сақтауымыз керек. Мысалға Жапония мен Кореядағы кез келген жағдайда масканың қолданыста екенін, байланыссыз амандасатынын келтіруге болады. Егер біз де осы деңгейге қол жеткізсек, басқа да аурулармен, вирустармен күресу жеңілге түседі», - деді ол. 
Ал қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин науқастар саны арта берсе, карантин талаптарын қатаңдатуға мәжбүр болатынын жеткізді. 
«Соңғы 7-10 күн аралығында науқастардың өсу көрсеткіші 5 пайыздан аспай тұр. Осы көрсеткіш арқасында біз карантин талаптарын сатылы түрде карантин талаптарын жеңілдетуге қол жеткіздік. Өсу көрсеткіші 7 пайыздан төмендеген кезден бастап талаптары жеңілдете бастадық. Егер өсу көрсеткіші қайтадан 7 пайыздан асса, біз талаптарды қатаңдатуға мәжбүр боламыз», - деді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Нурикамал Сейітжанова қайтыс болды23:08Найзағай, шаңды дауыл: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды17:48Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады15:33Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады12:39«Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы»11:32Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды10:35Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге 17 миллиардтан астам қаражат жұмсалады17:05Вакцина салдырғандар үшін карантин шектеулері жеңілдетілді16:36UFC-де тағы бір қазақ жекпе-жек өткізеді14:33Қазақстан мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартты13:48Бибігүл Төлегенова министрдің отставкасы туралы: «Бізді лас ойынға араластырып, мазақ етті!»12:02«Коронавирус, кет, кет, кет»: Шымкенттегі тойда ұсталған Марат Омаровтың басы дауға қалды11:48Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады10:33LRT-ні бұзып тастағаны рас па?17:41КХДР жаңа ядролық сүңгуір қайық жасап шығарды16:07