Mazir
23 ноя 14:03korilim:1 052 Sayasat / Ekonomika

Нұр-Сұлтанда IX Азаматтық форумы өз жұмысын бастады


23 қараша күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен "Қоғам мен мемлекет: әріптестік пен дамудың 30 жылында "Біргеміз" атты IX Азаматтық форумның ашылуы өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, Аида Балаева қатысушыларды құттықтап, форум өзін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою үшін беделді, өкілді және ең бастысы пайдалы алаң ретінде танытқанын атап өтті.

"Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев табысты ілгерілеткен азаматтық бастамалар жолы әлемдік пандемия жағдайындағы қазіргі шектеулерге қарамастан, осы бағыттағы жұмысты ілгерілету үшін кең әрі қолжетімді болып қала беретіні маңызды. Бұл біздің өзара іс-қимылымыздың алуан түрлі салаларындағы ұзақ мерзімді мүдделеріміздің кез келген уақытша қиындықтардан басым түсетінін білдіреді", - деп атап өтті министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, билік органдары, сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы диалог бұдан әрі де тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға және сенім мен әл-ауқатты арттыруға ықпал ететін болады.

"Бұл тұрғыда жаһандық өзгерістер дәуірінде тұрақты әлеуметтік дамудың қазіргі және жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін бірлескен шешімдерді іздеу аса өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Әрине, бұл жерде біздің барлығымыздан бастама мен шығармашылық көзқарас, жанқиярлық пен табысқа деген сенімділік қажет. Сіздерді форумның басталуымен тағы да құттықтаймын, жемісті кездесулер мен пікірталастар тілеймін!" - деді Аида Балаева.

Биылғы жылы іс-шара онлайн режимінде ұйымдастырылды, бағдарламада дәстүрлі сөз сөйлеулер, пікірталастар мен тренингтер ғана емес, сонымен қатар бейне подкасттар, сондай-ақ министрлердің үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесулері болады.

Басу
purchase besivance sale - sildamax drug sildamax for sale online

buy rumalaya online cheap - rumalaya oral order generic elavil 50mg

order diclofenac without prescription - order voveran nimodipine for sale online

order prednisolone 5mg online cheap - order generic azithromycin order progesterone 100mg pill

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: