Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Сенат «Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түзетулер енгізді. Түзетулер енгізілген заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деген шешім қабылдады. Осылайша, сенаторлар түзетулер енгізіп құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды. Бұл заң жобасында Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кірген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері регламенттелген.
Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров палата отырысында жер – халықтың басты байлығы, тәуелсіздіктің символы екенін айтып, жер мәселесінің стратегиялық маңызы зор екенін мәлімдеді.
«Жер - халқымыздың басты байлығы, тәуелсіздігіміздің символы. Сондықтан жер мәселесінің стратегиялық маңызы зор. Бұл заң жобасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және қандастарға сатуға және жалға беруге тыйым салады», - деді ол.
Айта кетейік, елдегі жер мәселелерін заңнамалық реттеу осы Заң қабылданғаннан кейін жалғастырылады.
Сурет: el.kz Басу