Mazir
14 июн 11:54korilim:1 410 Sayasat

МАҢҒЫСТАУҒА МАҚТАУЛЫ ӘКІМ КЕЛДІ

Президент тағына отырған Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы кадрларын атқа мінгізе бастады. Бізде: «Бір кісі таққа отырса қырық кісі атқа отырады», деген сөз бар. Сол сияқты бір кісі тақтан түсіп еді, біраз кісі аттан түсті. 
Маңғыстау табиғатынан мінезі бөлек өлке. Еңбекқор елі де көлгірсуге көнбейтін бірбеткей батыр жұрт.
Серікбай Өтелгенұлы сол жұрттың ортасынан шыққан және ең қиын сәтте ағайын елдің алдында қарсы қарап тұрып, сөз айта алатын азамат.
Оған куә: сонау жылы Өзен қаласына басшы болып баруы; Өзендіктердің өзегін өртеген отты басуы; ашуын ақылға жеңдіртіп, қапалы-қазалы қаланы қалпына келтіруі.
Маңғыстау табиғаты тәкаппар өлке дедік қой. Қадір Мырза-Әлі айтқандай: «Ол жерді сүю үшін ол жерде туу керек». Форт-Шевченкода туған құрылыс инженері маманы Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов басшылық қызметін Түпқараған ауданының әкімдігінен бастаған. Өзен қаласының әкімдігінен соң Ақтауды басқаруға, кейін Маңғыстау облысының маслихат хатшысы қызметіне барған. Құрмет орденінің иегері.
Тұрымов туған жеріне қызмет етудің үлгісін жасаған жігіт. Қай қызметте де xалқының алғысына бөленген, артынан алабөтен сөз ермеген азамат.
Бұдан бұрынғы басшыны ана бір кезде ауысады-ау деп ойлағанбыз «Бірінші орынбасары бір қап ақша көтеріп Әуежайда жүр» дегенде. Кешігіп кетті. Жолы болсын!
Серікбайдың қызметіне сәттілік тілейміз. Майлы қиян – мұнайлы Маңғыстау Мемлекет ырысының мәйегі. Мәңгілік елдің бір тірегі.
Тұрымов туған жеріне, туған еліне қызмет етудің тағы бір биік үлгісін танытар.
Маңғыстау жұрты мақтаулы басшыға кенелді, құттықтаймыз!
Байрағыңды тік ұста!

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Мемлекет басшысы Ердоғанға көңіл айтты13:21Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53