Mazir
02 июн 12:40korilim:1 154 Sayasat / Qazaqstan

Жерді 49 жылға дейін жалға беру: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Парламент мәжілісі жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров 2016 жылы Жер кодексінің жекелеген баптарына мораторий енгізілгенін еске салды. Оның мерзімі биыл 31 желтоқсанда аяқталады.

«Заң жобасының негізгі өзгерістеріне тоқталсам. Қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейін жалға беру ұсынылып отыр. Сонымен қатар жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығы беріледі», - деді ол мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасында мына нормалар көзделген:

мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте оларды пайдалану мерзімі – кемінде бес жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болып табылады.

жер ресурстарын басқару комитетінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;

жер үлестері есебінен құралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін кепілге салу кезінде үлес иелерінің келісімі болғанда рұқсат беру;

ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын бағбандық және саяжай құрылысына өзгертуге тыйым салу;

жер беру комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылау;

халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;

берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет ресурсында ашық түрде орналастыру.

Сурет: cabinetsalyk.kz

Басу
buy lasuna without a prescription - buy lasuna generic buy himcolin for sale

purchase mebeverine pills - pletal 100mg drug buy cilostazol without prescription

cheap rumalaya without prescription - order generic elavil 50mg endep online order

amoxicillin cheap - valsartan where to buy buy ipratropium 100 mcg without prescription

purchase prednisolone generic - oral azithromycin buy prometrium cheap

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: