Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34
Nur Otan партиясының саяси кеңесінен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваны шығарып жіберді.
Партияның бұрыңғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған саяси кеңестің тізімінде сонымен қатар, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, Nur Otan партиясының төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, Қазақстан Республикасының Украина мен Молдовадағы елшісі Дархан Кәлетаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да жоқ.
Nur Otan саяси кеңесіне жаңадан келгендердің қатарында: Политех ректоры Бегентаев, агробизнесмен Зенченко, президент әкімшілігінің басшысы Қошанов, бұрынғы футболшы Лория, Астана әкімінің орынбасары Оралов, мәжіліс депутаттары Саиров пен Сарым, саясатанушы Шибутов және т.б.
Өз орындарын сақтап қалғандардың ішінде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин және Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі Nur Otan партиясының төрағасы қызметіне кірісті. Бұған дейін бұл орынды еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарған болатын. Ол бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
Басу