Mazir
29 июл 13:54korilim:2 538 Sayasat / Halyqaralyq

Қытай сыртқы істер министрі: Бүкіл адамзаттың болашағына қауіп төніп тұр

Қытай сыртқы істер министрі Ван И телефон арқылы Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен Қытай-АҚШ қатынастарын талқылады.  Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.

Ван Идің айтуынша, қазіргі Қытай-Америка қарым-қатынасы халықаралық қауымдастық үшін көпшілікті алаңдатады.

«Америка Құрама Штаттары халықаралық нормалардың ең төменгі шегін бұзды. Бұл қатал, үстемдік саясат, оны бір сөзбен - гегемония деп атауға болады», - делінген құжатта.

Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Майк Помпео қырғи қабақ соғысқа әкелуі мүмкін жанжалды қоздырды деп болжайды.

 «Егер мұндай қастандық теориялары қабылданса, онда тек Қытай-АҚШ қақтығысқа түсіп қана қоймай, бүкіл әлем бөліну дағдарысына тап болады және бүкіл адамзаттың болашағына қауіп төнеді», - делінген хабарламада.

Министрліктің айтуы бойынша, Америка Құрама Штаттары «ұқыпсыз» әрекеттеріне «қатаң және ұтымды жауап» алады.  

 Бұған дейін ҚХР сыртқы істер министрі Ван И Вашингтонды «Қытайды өзгертуді армандаудан» бас тартуға шақырғандығы туралы хабарланған болатын.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: