Mazir
03 авг 12:27korilim:1 522 Sayasat / Halyqaralyq

ДДСҰ әлем елдерін карантиннен бас тартуға шақырды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 таралуын тоқтату мақсатында әлем елдерін карантиннен бас тартуға шақырды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жедел аурулар бөлімінің бастығы, эпидемиолог Мария Ван Керкхове The Daily Telegraph-қа берген сұхбатында айтты.

ДДСҰ өкілінің айтуынша, «локализацияланған стратегия» коронавирустың таралуын болдырмайтын тәсіл ретінде карантинді алмастыруы керек.

Сонымен қатар, наурыз айының соңында 100-ден астам елде енгізілген карантинді эпидемиолог коронавируспен күресуге қажетті қоғамдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын құруға уақыт алған шара деп санады.

Дегенмен, Керкхово карантиннің экономикалық, әлеуметтік және медициналық шығындары «орасан зор» екенін атап өтті.

«ДДСҰ қайта карантин енгізуді ұсынбайды, бірақ мұндай шара аурудың таралу жылдамдығына байланысты бірқатар елдерде ғана қолданылуы керек еді. Алайда барлық мемлекеттерге карантин қайта енгізудің қажеті жоқ деп үміттенеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, маман алдағы алты айда «қауіпсіз және тиімді» вакцинаны жасайды дегенге сенбеу керек деген пікір білдірді.

«Бұл бағыттағы ғылыми жұмыстардың жылдамдығы ерекше болды ... қазір бізде аурудың таралуын болдырмайтын және адам өмірін сақтайтын құралдар бар», - деді эпидемиолог. Ол байланыста болған адамдарды іздеу, кең ауқымды тестілеу, медициналық нысандарды жабдықтау, әлеуметтік қашықтық және маска кию сияқты шаралар туралы айтты.

 Керкхове бұл әдістердің барлығын бірге қолдану керек деп атап өтті.
Басу
besifloxacin order online - carbocysteine over the counter buy sildamax without a prescription

order benemid generic - tegretol brand tegretol for sale online

celebrex 200mg pill - order celebrex 200mg sale buy indomethacin without a prescription

where to buy mestinon without a prescription - pyridostigmine 60 mg generic buy azathioprine without prescription

buy omnacortil without a prescription - progesterone 100mg uk progesterone over the counter

order domperidone 10mg online - domperidone drug flexeril 15mg uk

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: