Mazir
19 ноя 12:55korilim:921 Halyqaralyq / Жаңалықтар

2020: 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды


Биыл 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8%-і Өзбекстаннан, 9,1%-і Түрікменстаннан, 3,4%-і Моңғолиядан және 2,9%-і басқа елдерден келген. 

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды. 10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: