Mazir
23 янв 22:48korilim:2 303 Sayasat / korshi elderde

Путин сарайы һәм Навальный неге ұсталды?


Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры (ФБК) «Путин сарайы» атты жаңа зерттеуін жариялады. Бұл жерде Ресей президенті Владимир Путиннің құпия тірлігі жайлы тың деректерайтылады. Кремльдің баспасөз хатшысы Путиннің ешқандай сарайы жоғын айтады.

Екі сағатқа жуық бұл деректі фильмде Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путин және оған жақын лауазымды тұлғалар туралы тың деректер келтіріп, «жемқорлық» схемасы жайлы айтады. Аталған зерттеуде «Путин сарайы» деп аталған нысан Қара теңіз жағалауындағы Идокопас мүйісінде, Геленжикке жақын маңда 2005-2010 жылдары тұрғызылған. 


Жемқорлықпен күрес қоры зерттеу нәтижесі бойынша, барлық құрылысы жемқорлық жолмен салынған сарайдың шынайы иесі – Путин деген қорытынды жасады. Зерттеу авторларының бағалауы бойынша, зәулім сарайды тұрғызу үшін 100 миллиард рубль қаражат жұмсалған.

Бүгін ауа-райының қолайсыздығы мен полиция қызметкерлерінің қысымына қарамастан, Ресей қалаларында мыңдаған адам оппозициядағы саясаткер Алексей Навальныйды қамаудан босатуды талап етіп, митингіге шықты. Кремльді өткір сынайтын Навальный Германияда ем алып келген бетте, 17 қаңтарда Мәскеу әуежайында ұсталғаны белгілі. Былтыр тамызда "Новичок" уымен уланып, ес-түссіз күйінде Германияға жеткізілген ол сонда ұзақ уақыт емделіп, еліне қайтқан еді.

Алғашқы баскөтеру Қиыр Шығыс пен Сібірде өтті. Хабаровск, Владивосток және басқа қалаларда күннің суықтығына және қауіпсіздіктің күшейтілгеніне қарамастан, жүздеген адам көшеге шықты.

Ресейдің 65 қаласында ұйымдастырылады деген жаппай наразылық қарсаңында полиция Навальный жақтастарын бөгеп, әлеуметтік медиа платформаларында "рұқсат етілмеген митингіге" шақырған адамдарға айыппұл салынады деп ескертті. Пандемия мен экономикалық тоқырау кезінде, қыстың қақ ортасында өтіп жатқан Навальный жақтастарының бұл наразылығы қыркүйекте өтеді деген парламент сайлауының қарсаңында Ресей билігі үшін үлкен сынақ болғалы тұр.
 Кремль әдетте 44 жастағы Навальныйдың қоғамдағы рөлін елемегендей сыңай танытқанымен, оппозиция белсенділерінің айтуынша, құқық қорғау органдарының Навальный мен оның жақтастарына қарсы әрекеті биліктің одан қатты қорқатынын көрсетеді.

Соңғы күндері полицейлердің әрекеті белсенділерді қамау арқылы наразылықты күшпен басып тастауға әзір екенін аңғартты. Ал Навальный жақтастары биліктің "көшеге шықпа" деген ескертуін елемеуге шақырды. Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш «рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды» деп қамауға алынды. Артынша Twitter арқылы үндеу жасады. «9 тәулікке қамалдым. Бірақ сіздер не істеу керегін білесіздер. 23 қаңтар, сағат 14:00-де қаланың басты көшелеріне шығыңыздар» деп жазды ол.


Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиын өткізді17:20Ереван: Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді15:40ҚР ДСМ: Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі14:42Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды12:41Цой: Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң әзірленеді11:46Ержан Біржанов еңбек вице-министрі болып тағайындалды10:40Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін берілетіні белгілі болды09:56ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады09:44Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады09:00Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады08:29Түркістандағы қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды16:35Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды14:31Түркістан: Төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды12:34Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды10:20Түркістанда бес адам иіс тиіп көз жұмды21:58