Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйды қолдауға бағытталған наразылық шаралары өтті. Телеарна мәліметінше, бұл шерулер биліктің рұқсатынсыз ұйымдастырылған.
Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша Мәскеудегі ереуілге 6 жарым мыңдай адам қатысқан. Үкімет бұған дейін азаматтарды арандату әрекеттері мен коронавирустың таралу қаупіне байланысты рұқсат етілмеген шараларға қатыспауға шақырған еді.
Навальныйды қолдаған шеру Лондондағы Ресей елшілігінің жанында да болды. Шараға 250-ден астам белсенді жиналған. Барлығы «Навальный!» деп ұран салды. Франция астанасы Парижде де жүзге жуық адам көшеге шығып, ресейлік оппозиционердің бостандыққа шығарылуын талап етті.
Наразы топ «Навальный ешқандай қылмыс жасамаған, тек саяси көзқарасы үшін түрмеде отыр» деп есептейді. Ереуілшілердің арасында адам құқықтарын қорғау жөніндегі «Амнести Интернешнл» халықаралық ұйымының Франциядағы басшысы да болған.
Басу