Mazir
25 авг 21:38korilim:1 158 Sayasat / Qazaqstan

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды

Партияның Алматы филиалында партияның Саяси кеңесінің мүшесі, АҚФ төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партияны қайта жаңғырту туралы Саяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы мәселелері қаралды.
Саяси Кеңесте Б. Сағынтаев азаматтардың партиямен және атқарушы органдармен диалогын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы арқылы халықтың өзекті мәселелерін шешу қажет.
"Бізде "Бақытты отбасы – Алматы " қорының жұмысы жолға қойылды. Тәжірибе бар. Бүгінде 3 мыңға жуық анаға көмек көрсетілді. Бір ай бұрын республикада алғаш болып "Мобильді халыққа көмек" жобасын іске қостық.
Осы уақыт ішінде қала шетінде орналасқан базарлар мен вокзалдарда меморган басшылары мен депутаттар 1300 адамды қабылдады. Мәселенің 67 пайызы оң шешімін тапты. Мәслихат депутаттары басшылық еткен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарда 60 партиялық бақылау бекеттері орналастырылды, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Жиында АҚФ төрағасы Б.Сағынтаев төмендегідей шешім қабылдады:
  1. Апта сайын Б.Сағынтаевтың қатысуымен "Nur Otan" партиясының филиалында өзекті мәселелер бойынша шұғыл жиындар өткізу;
  2. Филиал жанынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау жөніндегі Азаматтық комитет құрылады. Бұл комитет меморгандармен бірлесіп, мәселенің шешу жолдары мен олардың орындалуын бақылайды;
  3. Мәслихаттағы фракцияның рөлін арттыру;
  4. "Jas Otan" және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жетекшілігімен ЖОО-дағы жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу.
  5. Қала әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру.
Іс-шараға Алматы қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.



Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Мемлекет басшысы Ердоғанға көңіл айтты13:21Қазақстанда жаңа мереке пайда болады12:47Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етті11:30Коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты10:00Қостанай облысында ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлі табылды18:39Мамин Chevron басшылығымен кездесті16:34Ескі кірме сөздерді латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазу жайында16:00Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа15:30Алтынбек Нухұлы төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды14:48Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды13:45Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды12:37Қазақстан: Балаларды қашықтан оқыту үшін 442 млрд теңге жұмсалған11:35Қазақстанның жеті аймағында жолдар жабылды10:03Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жасқа толуымен құттықтады17:35Пара туралы хабарлаған қазақстандықтарға 34 миллион теңге беріледі16:53