Mazir
27 янв 15:19korilim:567 Qazaqstan / Adebiet

«Тарих толқынындағы хаттар»: Қайып ханның түрік сұлтаны ІІ Ахмедке жазған хаты


Bairaq.kz порталы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Кезекті ауқымды шара – Алтын Орда хандарынан бастап қазақтың кешегі айбарлы ұлдарына дейінгі аралықта жазылған маңызды хаттарды шолып шығу. Бүгінгі тақырып – Қайып ханның түрік сұлтан ІІ Ахмедке жазған хаты. 
***
«Билік пен ерлік, ұлылық пен әділдік, көрегенділік пен мейірімділік екі қасиетті қаланың (Мекке мен Мединаның) қызметкері, жер мен теңіздің ханы, хандардың сұлтаны, Ахмед-хан сұлтанға тән. Оның жер жүзіндегі ерлігі мен ақжүректігі, кісілігі мен тазалығы арқылы жеткен даңқы Осман-хан династиясының тарихи беделін одан әрі асқақтата түседі. 
Жоғарыда айтылған сөздерден кейін өзімді ақылы асқан сұлтанның досы санайтынымды және Ташкенттегі Афрасиаб тағына отырғанымды жеткіземін. Өз қарамағымдағы, иелігімдегі Түркістан, Әндіжан, Сайрам, Қарақалпақ [1] және басқа да жұрттармен бірге шариғат жолымен таңда және кеште құлшылық етеміз. 
Сіздің ұлы даңқыңызға құлдық! Біздің мемлекетіміз бен Москов (Мәскеу) мемлекетінің ортасында «Ака Аштак» [2]  деп аталатын иелік жер бар екенін жария етемін. Оның халқы – түгел сүнниттер. Кезінде, бұл иелік әлсіреген шақта, оны Москов күшпен басып алды. Содан бері бұл маңның халқы оларға баж салығын төлеп келеді. Московтың тізесі батқан ел бізді мұсылман деп аға тұтып, әскер-дүниесімен ортаға қосылып отыр. Егер сіздерден көмек болса, біз кәпірлерден сегіз қаланы тазартамыз. Ал егер бірігіп соғыс ашсақ, Московтың дүние-мүлкін иеленеміз. Біз осы оймен әуре болып, Ұлы портқа Цаййидкули чухра-агаси-биді [3]  жібермек болған сәтте соғыс хабарынан құлағдар болдық [4]. Кәпірлердің ойсырай жеңілуі біздің әлемді ерекше қуанышқа бөледі. 
Осы хабарға қанық болған соң қолыңыздағы хатты сенімді өкіліміз Құрбан-бек арқылы сіздің сарайға жөнелттік. Ендігі сіздің ұстанымыңыздың қандай боларын асыға күтеміз. Тамыз айындағы сарайы жиналысында қабылдайтын шешіміңіздің өзімізге тиісті бөлігін орындауға даярмыз!»


Біз осы жоба бойынша іздене бастаған тұста қазақ тарихындағы белгілі тұлғалардың эпистолярлық мұрасын жинап, құрастырып, ғылыми анықтама берген И.Ерофееваның 2 томнан тұратын «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг» еңбегіне тап болдық. Оның бірінші томы 1675-1780 жылдар аралығын қамтиды. 
Осман-түрік тілінен хатты аударған Т.Бейсембиеваның мәтініне И.Ерофеева бірқатар кеңейтілген түсініктеме береді. Хат мәтінінің талданған тұсы толық текстте тік жақшамен және сандармен көрсетілген. 
1. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында көшпенді қарақалпақтарға қазақ хандары мен сұлтандары иелік ете бастады. 1695 жылы Тәуке хан бірнеше қарақалпақ руларын өз қарамағына қаратып, оларды басқаруға өз ұлын тағайындайды. Ал қалған руларды есім-сойы белгісіз Табұршақ-сұлтан басқарған. Табұршақ-сұлтан 1696 жылы өзбек руларымен кикілжің кезінде қаза табады. 
1709 жылы қарақалпақтардың билеушісі Табұршақтың баласы Қайып-сұлтан болды деген дерек бар. Ал 1720-1727 жылдар аралығында ресейлік құжаттарда бұл статусты Көшімнің ұлы Күшік-сұлтанның жиені Ишим Мұхаммед пен тегі белгісіз Мұрат-хан иеленген. 
1715 жылы Ишим Хиуа тағына отырып, бірнеше күннен кейін Сырдария бойындағы көшпенді жұртына қашып кетеді. 
Астрахань губерниясының канцелериясында 1724-1727 жылдары қарақалпақ ханы ретінде Кіші жүз бен Орта жүз хандары Әбілқайыр және Сәмекенің аты аталады. 
1740-1745 жылдары қарақалпақтарға Ишим Мұхаммедтің баласы Қайып хан мен оның ағасы Ғұбайдулла-сұлтан және Ұрысқұл билік құрған. Бұл деректердің барлығы сол кезеңдерде қарақалпақтардың бірегей билігі болмағанын аңғартады. 
2. Қазақтардың ұғымында «Ака Аштак» немесе «Ака Истяк» термині Яика (Орал) өзенінің орта ағысының екі жағасын мекендеген башқұрттарға қатысты қолданылған. «Ака» сөзі «өзен» деген мағынанын білдіреді. «Ака» бұлғар тілінде «жылдам ағатын сулы өзен» деген ұғымға саяды. 
3. «Чухра-агаси» титулы Әбілқайыр ханның 1745 жылы 3-тамызда Н.И.Неплюевке жазған хаттарында айтылады. Соған қарағанда бұл атақ жоғары биліктің алдында қандай да бір стандартты әрекеті үшін емес, ерекше жұмысы үшін берілетін сыңайлы.
4. 1711 жылдың жазында І Петрдің Россия үшін ауыр тиген Прут жорығы туралы айтылады. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Халықаралық дөңгелек үстел өтті22:51Ақтөбе облысы: 22 цистерна рельстен шығып кетті17:23Мәдениет және спорт вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды16:45Қазақстанда әскери қызметтің мерзімі ұзартыла ма?14:42«Мемлекеттік тіл: үйренушінің көзқарасы»13:57Түркістан облысы: Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді12:45Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 123 млрд теңгеге жуық ақша бөлінді11:40Тоқаев Kaspi.kz компаниясының басшыларын қабылдады10:50Арменияда саяси жағдай шиеленісті10:35Қатты аязға байланысты бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды09:16Тоқаев: Бұл – өте күрделі мәселе, оны жедел шешуіміз керек17:10Онлайн ойталқы алаңы өтеді15:40Мемлекет басшысы Парламент мүшелеріне ұсынысын жеткізді13:57Тоқаев шұғыл түрде жер туралы заң дайындауды тапсырды12:31Тоқаев: Кәсіпкер жұмысшыларына үй салса, мемлекет жартысын төлеуге дайын12:16