Mazir
27 дек 13:55korilim:987 Sayasat / Qazaqstan

Алматы тұрғындары ұшақ апатынан зардап шеккендерге қол ұшын созды

Алматыдағы қан тапсыру орталығында ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырғысы келген адамдар кезекке тұрып жатыр.



Бұған дейін балалар омбудсмені Аружан Саин қала тұрғындарына қан тапсыруға өтініш білдірген болатын.

« Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларынан шұғыл көмек қажет! » деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Сонымен бірге ол донорлық қызметке гепатит, бруцеллез, мерезбен, сондай-ақ жүрек аурулары, бронх демікпесі, есірткі тұтынушылар, АИВ-инфекциясы және созылмалы алкоголизммен ауыратын адамдар жарамайтынын атап өтті.

 Шұғыл ақпарат бойынша, есінен танған 8 бала балалар медициналық көмек орталығына жеткізілді. № 4 клиникалық ауруханада 17 науқас өте ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр. 14 адам оқиға орнында қаза болды.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: