Mazir
04 май 17:36korilim:163 Sport

Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл

Алматыда Жеңіс күніне орай самбодан халықаралық турнир өтеді. Алдағы халықаралық турнир мен «Динамо» спорт қоғамының 100 жылдығы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Асқар Омарқұлов пен қоғаммен байланыс және БАҚ басқармасының бастығы Гүльайм Хайрулла баяндады.

Жеңіс күні мен әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған самбо және жауынгерлік самбодан халықаралық турнир 5-7 мамыр аралығында Алматыда өтеді. Оған Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан спортшылары қатысады. 

«Турнирді ҚР ІІМ, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының Орталық кеңесі, сондай - ақ самбо және жауынгерлік самбодан республикалық және Алматы қалалық федерациясы ұйымдастырады», - деді А.Омарқұлов.

Сондай-ақ, ол биылғы жарыстың ерекшелігі - турнир нәтижесіне бойынша қатысушыларға спорт шебері атағы берілетінін атап өтті. 

Спикер маңызды оқиғалар қатарында «Динамо» қоғамының 2025 жылы өтетін 100 жылдық мерейтойын да атап өтті. Бүгіннің өзінде-ақ іс-шараға дайындық қарқынды жүріп жатыр. 

«Динамо» тарихы, сөзсіз, бұрынғы кеңестік және қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен байланысты. Сондықтан қоғамның мерейтойы бәріміз үшін есте қаларлық оқиға болмақ", - деп атап өтті ол.

«Динамо» қоғамында балалар спортына ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын мамыр-маусым айларында «Динамо - Қазақстан балаларына» акциясы, бүкіл ел бойынша 10 мыңнан астам баланы қамтитын марафон өткізіледі. Мысалы, 1400-ден астам баланың басын қосқан Алматы марафоны бағдарламасында жүгіру, «Кім жылдам» эстафетасы, дартс ойыны, кіші футбол, волейбол, арқан тарту, саптық дайындық және жекпе-жек бойынша жарыстар болды. Осындай іс-шараны биыл да өткізу жоспарлануда. 

«Динамо» 6 мыңнан астам баланы біріктіреді, олар ел бойынша 180-ге жуық секцияда жаттығады, секциялардың 117-сі тегін жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Жас Динамо» қозғалысына еліміздің барлық өңірлерінде 30 мыңнан астам оқушылар мен студенттер тартылды. 

«Динамода» 36 олимпиадалық спорт түрінен шеберлерді дайындап, ұлттық құраманың шамамен 80% - қоғам мүшелері болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтар жеңіп алған 81 Олимпиада медалінің 68-і динамолықтардың қоржынында, оның ішінде 16 алтын, 19 күміс және 37 қола жүлделер. Токио олимпиадасында жеңіп алынған 8 медальдің 7-сі «Динамо» өкілдеріне тиесілі. Биылғы жылы «Динамо» өз спортшыларына Париж Олимпиадасына лицензия алуға деген күресте үлкен үміт артады.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: