Mazir
14 июл 15:34korilim:1 220 Sport

Алтай Көлгінов Ironman 70.3 Astana жарысына қатысушыларды құттықтады

BAIRAQ.KZ- IRONMAN 70.3 ASTANA триатлон бойынша ең беделді халықаралық жарыстың ашылуында Алтай Көлгінов сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады деп хабарлайды Bairaq.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Баршаңызды сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Сәттілік, жеңіс, денсаулық тілеймін», - деді әкім. Сонымен қатар, қатысушылармен бірге 21 км қашықтықты жүгіріп өті. Айта кетейік, әлемнің 50 елінен 1400 қатысушы сайысқа қатысуда. BI Group Ironman 70.3 Astana 2019 жарысының ерекшелігі Prо санатындағы атлеттердің қатысуында. Арнайы лицензиясы бар кәсіби триатлеттер үшін триатлон тек қана әуесқойлық емес, сондай-ақ кәсібі болып табылады, олар Нұр-Сұлтанға кімнің күштірек екенін анықтау үшін келеді. Стартқа шығатын спортшылар арасында Tim Don, Radka Kahlefeldt, Nils Fromhold, Даниил Сапунов, Алексей Калситратов және т.б. көптеген белгілі спортшылар. Іс-шараны тиімді ұйымдастыру мақсатында қала қонақтарына және споршыларға жәрдемдесетін 700 Qvolunteers еріктісі тартылады. Еріктілер шетелдік қонақтармен өзара әрекеттесудің үлкен тәжірибесіне ие. BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana триатлон бойынша халықаралық жарыс шеңберінде 12-14 шілдеде үздік әлемдік брендтердің спорттық EXPO жәрмеңкесі жұмыс істейді, мұнда спорттық тауарларды, тамақтануды, жарыстың ресми кәдесыйлық өнімін сатып алуға болады. Сайысқа қатысушылардың ішінде жасы үлкені Жапониядан келген жүгіруші, жасы 78-де.




 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: