Mazir
07 май 09:31korilim:2 986 Жаңалықтар

42 500 туралы ресми мәлімдеме: Кім екінші рет алады?


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі Төтенше жағдай уақытында кірісін жоғалтқан азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны екінші рет кімдер алатынын мәлімдеді. 

«Мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақыны екінші рет 16-сәуірге дейін өтініш білдіріп, көмек алғандар ғана ала алады», - деп жазылған министрлік хатында. 

«ТЖ режимі 16-наурыздан бастап енгізілді. Бірінші ай 16-наурыз бен 15-сәуір аралығы деп септеледі. Ал екінші ай 16-сәуір мен 11-мамыр аралығы болмақ. Демек, 16-сәуірге дейін өтініш білдіріп бірінші жәрдемақыны алған азаматтар екінші рет тағы алады», - деп түсіндірді олар. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев қазақстандықтарды 16-сәуірге дейін өтініш білдіріп, көмек алғандар ғана екінші мәрте жәрдемақы алатынына сендірді. 

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: