Mazir
16 май 19:52korilim:1 939 Жаңалықтар

Утебеков: Менің шыдамым шегіне жетті


Белгілі қазақстандық адвокат Джохан Утебеков отбасымен бірге Алматыдағы ауруханалардың бірінде коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханаға түскеннен араға тәулік салып ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Жазбада қалалық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсірді. 
«Менің шыдамым шегіне жетті. Жаңадан салынған жұқпаы аурулар ауруханасының жағдайы сұмдық! Маған компьютерлік томографияны тек дүйсенбі күні ғана жасайды. Бүгін сенбі, дәрігерлер демалып жатыр! Мен оларға жағдайды түсіндірдім. Енді томографияны 5 күн күтуім керек. Бұл уақытта жеке клиникадан-ақ тапсыратын едім», - дейді ол. 
Утебековтың сөзіне сенсек, ол дәрігерді көрмеген. Айтуынша, дәрігерлер демалып жатыр екен. 
«Менің жағдайымды ешкім қарамады. Тіпті, ыстығымды да тексермеді. Өзімді нашар сезініп отырған жоқпын. Тіпті, термометрді де сұрап алуға тура келді. Менің жаңадан салынған ауруханаға айтар сөзім жоқ. Тек адамдарды емдемейтін, тіпті, қарамайтын аурухананы неге салды деген сұрақ бар», - деді ол. 
Адвокаттың айтуынша, олар үй жағдайында әлдеқайда дұрыс ем алар еді. 
«Есесіне АИВ тексеретін ауыр аппаратты менің жазбаша келісімімсіз жасай салды. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің шарттарына қайшы келетін іс. Ал әйелім мен балаларымды палатаға шығармай отыр. Бізден бірдеңе дәмете ме? Неге бізде осындай әкім? Тіпті, жаңа аурухананың жұмысын да жүргізе алмайды. Сағынтаевтың атына ұят!» - деді ол. 
Адвокат жазбасының соңында министрлікке жүгініп, дәрігерлерге алғыс айтты. 
«Менің қымбат тұратын КТ аппараты бұзылып қалды дегенге күдігім бар. КТ аппаратымен тексерді. Өзім сезгендей, менде екіжақты пневмония бар екен. Дәрігерлерге рахмет. Емделу ауыр болатын түрі бар», - деді ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: