Mazir
20 май 19:06korilim:2 073 Жаңалықтар

Күніміз күдікпен өтуде: Жөтел қысып, тамақ ауырса... коронавирус


Қазақстандықтар медицина қызметкерлеріне коронавирус симптомдарынан күдіктеніп, жиі жүгініп жүр. Өз денсаулығына күмәнмен қараған азаматтар туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. 
«Қазіргі уақытта өз денсаулығынан күдіктеніп, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінетін азаматтар саны артты. Мұндай азаматтар үлесі бір аптаның ішінде 40 пайызға артқан. Ал алдыңғы апталарда жалпы көрсеткіш 15-17,5 пайыз арасында болды. Өз еркімен денсаулығына күдіктеніп, дәрігерге келетін азаматтардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан. 
Бұл көрсеткіштердің өсуіне карантин шараларының жеңілдетілуі себеп болды. Өкінішке орай, азаматтар коронавирус инфекциясына төмен баға береді. Вирустың қауіпті екенін тағы бір мәрте еске саламын», - деді ол. 
Қазақстандағы науқастардың жалпы саны 6 969-ға жетіп, 3 649 адам жазылып шыққан. 35 адам қайтыс болған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: