Mazir
09 июн 14:00korilim:3 083 Жаңалықтар

Полицейді ұрған Тулесованы қандай жаза күтіп тұр?


Белсенді Асия Тулесованың тәртіп сақшысына қол көтерген сәті көрінетін видео әлеуметтік желілерде кең тарап кетті. 
Бұл оқиға Алматы қаласында 6-маусым күні орын алған. Заңсыз митингіге қатысқа Тулесова қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкеріне қол жұмсаған. 
Қазір Тулесованың видеодағы әрекеті бұлтартпас айғақ болып, ҚР ҚК 378 және 380 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Белсенді үш жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал. 
Күдікті 8-маусым күні Қылмыстық процестік кодекстің 128 бабы бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: