Mazir
13 июн 11:12korilim:805 Жаңалықтар

Қариясын қадірлеген Кадыров


Қырғызстандағы қарттар үйінде 81 жастағы Данга Битаев есімді шешен қария он жылдан бері тұрып келеді. бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров естіп, ақсақалды елге қайтаратыны туралы мәлімдеме жасады. 
Ақсақал бірнеше жылдан бері осы мекенді тұрақтап келген. Еліне оралуға шамасы жоқ. Ол өзінің бала-шағасын, туыстарын іздеген, бірақ таба алмапты. Кадыровтың айтуынша, Шешенстанда оның баласы, немере-шөберелері бар екен. Мемлекет басшысы барлық жағдайды анықтап, арнайы ресйпен Данганы елге әкелуге бұйрық берді. 
Президент бұл жағдай туралы ертерек білмегеніне өкінетінін білдіріп, шешен халқы қариясын далаға тастамайтынын айтты. 
«Біздің парызымыз – оларға қамқорлық көрсету», - деп жазды ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: