Mazir
14 июл 08:43korilim:1 669 Жаңалықтар

Шымкент: Бас дәрігер орынсыз әрекеті үшін жазаланады


Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері кешегі болған акция үшін жазаланады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

«Менің ойымша, мұндай қиын уақытта дәрігерлерді тікелей міндеттерінен босату - қылмыстық әділетсіздік деп ойлаймын. Сот процестері аяқталғаннан кейін ол жауапқа тартылады», - деп уәде берді Қалқаманов.

 Еске салайық, ғаламторда шымкенттік дәрігерлердің жолға қатар тізіліп коронавирус құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алған видеосы тарап кетті. Көптеген желі қолданушылары бұл әрекетті орынсыз деп санады.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: