Mazir
31 июл 09:40korilim:1 198 Жаңалықтар

Қазақстанда улы қуыршақтар мен машиналар сатылған


Қазақстандық нарықта балалардың денсаулығына зиян деп танылған 3 мыңнан аса ойыншық тәркіленді. 
«Бұл ойыншықтар балалардың ғана емес, ересек адамдардың да денсаулығына зиян. Өтйкені, аталмыш ойыншықтарды өндіру барысында улы заттар пайдаланылған», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 
Тәркіленген ойыншықтардың жалпы құны – 2 миллион теңгеге жуық. Сараптама нәтижесінде бұл ойыншықтардың құрамында ацетон, формальдегид пен фенолдың көп мөлшерде қолданылғаны белгілі болды. 
Қуыршақтар мен ойыншық машиналардың көзі жойылған. ҚР Сауда және интеграция министрлігі қауіпті тауарлардың дүкендерге қалай түскенін анықтау үстінде. Сонымен қатар, сапа сертификатын берген ұйымдар да тексерілмек. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: