Mazir
07 авг 13:46korilim:1 298 Жаңалықтар

Вице-министр коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам айтты



Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам ұсынады.

«Бұл болжам шілде айында жасалды. Одан әрі төсек-орындарды, реанимациялық төсек-орындарды және COVID-19 бен ауыратын науқастарды емдеу үшін барлық ресурстарды орналастыру жоспарланған», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл болжам жаңартылуда.

«Біріккен статистикаға жүгінетіндіктен, біз қайта есептеуіміз керек. Бүкіл әлемде айтылатын екінші толқын үшін біз күз мезгіліне көңіл бөлеміз. Осы уақытта маусымдық аурулар - вирустық инфекциялар, тұмау болады. Тиісінше, есептеу мен жаңа болжам жасалды, оны біз жақын арада жариялаймыз. Қазір ол жаңартылуда», - деп толықтырды Бұйрабекова.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: