Mazir
17 авг 14:54korilim:1 032 Жаңалықтар

Нұралы Әлиев: Көп нәрсе айтылмай қалды


Рахат Алиев пен Дариға Назарбаеваның екінші ұлы – Айсұлтан Рахаттың қайтыс болуына орай алдымен анасы, артынша ағасы желіге жазба жүктеді. 
"Қымбатты бауырым, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені әрдайым жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Нұралы Әлиев. 
Әсерлі ролик кадрынан Айсұлтан Рахаттың суреттері мен отбасылық фотолардың жинақталғанын аңғару қиын емес. 
Еске сала кетсек, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында 30 жасқа қараған шағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені - Айсұлтан Рахат қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған.
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: