Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат пен магистратура студенттеріне оқудың қалай ұйымдастырылатыны туралы айтты.
Бакалавриат. 1 курс
БҒМ мәліметінше, күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады. Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.
1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн-режимде бағдарлау апталығы өткізіліп жатыр.
Оқу құралдары және интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.
Бакалавриат. 2-4 курс
2-4 курс студенттері үшін оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап ЖОО-лар өз студенттері үшін таныстыру онлайн-кездесулерін өткізіп жатыр.
Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша толық қашықтан оқыту форматына көшіру ұсынылған.
Оқу құралдары және интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.
Магистратура
Магистранттарды оқыту 14 қыркүйекте қашықтан басталады.
31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;
5 қыркүйекке дейін грантқа өтініш қабылданады;
7 қыркүйекте гранттарды тағайындау бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау жоспарлануда;
8 қыркүйектен бастап ЖАО (әкімдіктер) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау басталады;
11 қыркүйекке дейін ЖОО-ға қабылдау үшін өтініштер қабылданады.
Басу