Mazir
04 сен 16:12korilim:1 494 Жаңалықтар

Елімізде 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе жасалады


«СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенінің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 процентін қамтуға жеткілікті.

Сонымен қатар аумақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың  900 дозаға тапсырыс берді. 

Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

«Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады. Әдеттегі мерзімнен 2 апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді», - деді. 

Тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті. Сонымен қатар екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалған.  

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: