Mazir
17 сен 00:06korilim:1 538 Жаңалықтар

Назарбаев: Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек


Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Ең алдымен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің және коронавирус инфекциясымен күресуге үлес қосқан басқа да сала өкілдерінің жанқиярлық еңбегін атап өтті. Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дайындық туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі тәуекелдері мен оларды алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы есептерін тыңдады. 

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық пандемияның «екінші толқынына» ресурстарды дайындау, алдын-алудың кешенді шараларын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ сырқаттану деңгейін шынайы бағалау мен болжаудың маңыздылығын атап өтті. 

"Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму болжамын, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктердің тұжырымдамалық жоспарын әзірлеу қажет. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму жоспарын бүгінгі жағдайларды ескере отырып, тағы да пысықтау керек. Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне және онымен байланысты қауіп-қатерлерге дайын болуымыз керек", – деді Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. 

Басу
brand lasuna - buy cheap himcolin buy himcolin without a prescription

buy neurontin 100mg - buy gabapentin 600mg generic order sulfasalazine 500 mg for sale

purchase rumalaya generic - rumalaya online buy generic amitriptyline

order accutane pills - linezolid 600mg drug linezolid 600 mg without prescription

order azithromycin pill - buy azithromycin order bystolic 20mg without prescription

buy generic omnacortil for sale - progesterone 100mg ca buy prometrium generic

motilium cheap - domperidone cheap buy generic cyclobenzaprine over the counter

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: