Mazir
03 ноя 16:06korilim:986 Жаңалықтар

Экс-министр Біртановты қандай жаза күтіп тұр?



Адвокат Жангелді Сүлейманов бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген экс-денсаулық министрі Елжан Біртановтың қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты.
«Қазір Елжан Біртановқа Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі «Заңсыз иемдену немесе ысырап ету» бойынша айып тағылып отыр.
Егер бұл бап сот процедурасының алдында өзгертілмесе, онда Біртановқа қылмыс кезінде алған мүлкін тәркілеу және 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынады», - дейді Сүлейманов.

Адвокат басқа нұсқалар туралы да айтты.

«Күдікті аталған қылмысты сыбайластарымен бірге жасауы мүмкін. Егер бұл расталса, онда 262-баптың 2-бөлігі «Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу» бойынша  8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», - деп қорытындылады ол. 
Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: