Өнер ордаларында «бармақ басты, көз қысты» әрекет азаймай тұр. Ақтаудағы театрдың бұрынғы басшысы Нұрнияз Мұқанов іс жүзінде жұмыс істемеген қызметкерге жалақы төлегені үшін 14 миллион айыппұл төлеуге міндеттелді.
Анығында жұмыс істемейтін қызметкер үшін жалақы қарастыру жөніндегі алаяқтық схема Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тексерісі барысында анықталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің маманының айтуынша, театрдың бұрынғы директоры 2018-2020 жылдар аралғында өз танысын қызметкер ретінде тіркеп, оған заңсыз жалақы төлеп отырған. Екі жыл ішінде жұмыс істемеген «театр қызметкеріне» төленген қаражат көлемі бір жарым миллион теңгені жуықтайды.
Айыпталушыға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 3-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі азамат заңсыз жұмсалған бюджет қаражатының 10 еселенген көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Басу