Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

20 жастағы қазақстандық Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды. Иманбекке бұл сыйлық Saint Jhn-нің «Roses» әніне «Үздік ремикс» жасағаны үшін табысталды.
«Музыканттың карьерасындағы ең елеулі оқиға – Grammy-ді жеңіп алу және біз оған қол жеткіздік», – деп жазды Иманбек Зейкенов.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаз ретінде өзінің аты аталған кезде: «Анама, әкеме, командама және менеджерім Кириллге рақмет. «Грэммиге» рақмет», – деді ол.
Grammy сыйлығының 63-ші марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.
Басу