Mazir
28 июл 15:21korilim:1 657 Жаңалықтар

Путиннің мұнай мен ядролық қарудан басқа ештеңесі жоқ – Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің шешілмеген мәселесі көп екенін айтып, екі ел арасындағы бірқатар келіспеушіліктерді еске салды.

«Путиннің ядролық қаруы мен мұнайынан басқа ештеңесі жоқ» деді Ақ үй басшысы сейсенбі күні АҚШ Ұлттық барлау директорының кеңсесінде. Сонымен қатар, Байден Ресей билігін 2022 жылғы АҚШ Конгресі сайлауына жалған ақпарат тарату арқылы араласқысы келді деп айыптады.

«Путин өзінің нақты мәселелері бар екенін біледі – бұл менің ойымша, оған қауіп төндіреді. Қараңызшы, Ресей 2022 жылғы сайлауға қатысты жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл біздің егемендігімізге қол сұғу», – деді Байден.

Байден кибершабуылдардың, оның ішінде төлем бағдарламаларын қолданудың көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

«Егер алапат соғыс басталса, бұл хакерлік шабуылдың салдарынан болады», – деп ескертті Америка президенті.

Басу
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: