Mazir
25 июн 13:09korilim:2 192 Жаңалықтар

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН "БАС ТАРТҚАНЫМЫЗ" қандай жақсы болған. Немесе, АРЫС АУҒАН

Арыста жарылыс. Бағытсыз ұшқан оқ, босқан xалық, үрккен ел. Жұрт аударыла қашқан. Аудан ауған ауыр күндер. Жарылыс тоқтады деген жақсы xабар естілмейді.
       Алыста отырып, әлемжеліде айғайлау оңай. Ысқырған ажал оғы мен аспанды жапқан жалыннан бөбегін арқалап, Сандалмен жаяу қашқан ананың xалын - сол сәттегі бойын алған, дымын құртқан үрейді сіз бен біз сезінбеспіз.
      Онсыз да қырық күн шілде қарыған түстікте қырық мың кісі үйден безген.
       Жан ұшырған сарбаздың басқаларды бағыттауға жасаған әрекетін, жарылыс аумағындағы жанталасын көрдік. Сарбаздың  ысқырған оқтың ортасында қашқан көлікті бұйыра тоқтатып, "Қатын-баланы салып әкет!" деген ағайын естідік. Оттың ортасында өзі қалып, өзгені қашырғанын көрдік. Көзімізге жас келді.
       Панадан көз жазған әкені, баладан көз жазған ананы көрдік. Еңбекқор түстік жұрты қолымен соққан құжырасын - құт ұясын бобы жарса, жер тырнап еккен егінін өрт шалса қандай күйге түседі.
      Бұрын да неше дүркін жарылыпты. Неге жарылған, кім жарған? Кім жазаданды?
      Дүмшелер отыр: Алла: "Бәрін мен жасаймын, адамдар бірі - бірінен көреді" деген деп, сабырға шақырып. Олар үшін жаратушы жарылыстарды мойнына алатын бүлікші топтардың басшысы секілді.      
       Жоқ! Жарылысты ұйымдастырған жаратушы емес. Оған кісі себеп. Кінәлі жазаланбаса жарылыс Тоқтамайды. Қайталанады.
      Айтпақшы: "Ядролық қарудан бас тартқанымыз қандай жақсы болған!" дедік.
      Мемлекет және аймақ басшылары Түркістанда жүр. Бізде қауыпсіздік кеңесі деген бар. Олар не айтады?
     Он күннен соң НҰР-СҰЛТАННЫҢ ТОЙЫ. Тойлаймыз шашылып тұрып. Қазір 24 сағат Арысты айтқан теле арналар ол кезде 24 сағат Нұр-Нұлтанды айтады. Ел назары Елордаға ауады.
      Біздің пәлсапа да дүмшелерден кем соқпайды: "Қуаныш пен қайғы егіз" деп мақалдап, марапат пен мақтанның әңгімесіне көшеміз.
       Ал, Арыс жұрты ауласына кіре алмай үрейде отырады.
      Бұл күндер қазақстан жылнамасында "АРЫС АУҒАН" деген атпен қалады.
     Байрағыңды тік ұста! 



Басу
order pyridostigmine 60mg for sale - buy pyridostigmine generic buy azathioprine no prescription

purchase absorica generic - buy generic dexona for sale order zyvox 600 mg without prescription

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз: