Иманбек тағы бір жүлде жеңіп алды
17.09, 09:49
Ренат Гайсин: Оған арнаған әндерімнің барлығы махаббаттан туған
06.12, 21:23
Ернар Айдар: Тергеу жұмыстары әділ өткенін қалаймын
29.04, 09:34
Коронавирус жұқтырған Лещенконың халі нашар
26.03, 18:24
«ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін қандай жеңілдіктер беріледі?
20.01, 17:29
АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорды...
15.12, 21:04
Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті
14.12, 02:00
Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті (видео)
12.12, 10:31
Мәдина Сәдуақасова: Тойдың ертеңінде-ақ күйеуім шарт қойды
16.06, 10:26
Айгүл Иманбаева: Бір жылдан қалмаймын-ау...
15.06, 10:34

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова сот залынан үй қамаққа жіберілген жоқ. Сот адвокаттың айыпталушыны үй қамауына ауыстыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Бақытгүл Хаменованың адвокаты айыпталушыны үй қамауына ауыстыруды сұраған еді. Алайда сот адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.
Бұған дейін 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот өтіп жатқанын хабарлаған еді.
Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.
Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған.
Енді сот отырысы бүгін, 12 тамызда қайта жалғасты.
Еске сала кетелік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың 13 наурызында тағайындалған. Бұл тағайындауға дейін алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікке ілінген. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
Басу